27 ақпан 2022 | 15:31

Атырау облысында екі аудан орталығын еріген қар суы басты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облысының бірнеше ауданында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының бірнеше ауданында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Қызылқоға ауданында Миялы ауылындағы Қарабалин және Аққуов көшелері бойында еріген қар суын сору бойынша жедел-құтқару жұмыстары, арнайы техникамен еріген суды сору жұмыстары 26 ақпан сағат 19.19-ға дейін жүргізілді. Барлығы 280 текше метр су сорылған.

Құтқару жұмыстарына облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкері, жергілікті атқарушы органның 6 қызметкері және 2 техника, 2 мотопомпа жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ТЖД мәліметінше, Индер ауданында су сору жұмыстары жүргізілген.

"Индер ауданы Индербор кентінің Астана көшесі бойында 30 сантиметр болатын еріген қар суларын сору жұмыстары сағат 20.45-ке дейін жүргізілді. Барлығы 110 куб метр су сорылды", - делінген хабарламада.

Жарсуат ауылының Қазиев көшесі бойына жиналған 25-30 сантиметр болатын еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары Аудандық әкімшілік қызметкерлері күшімен сағат 20.45-ке дейін жүргізілді. Барлығы 78 куб метр су сорылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная