ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2024 | 12:36
Атырау облысында экс-әкімнің бұрынғы әйелі сот үкімі туралы ойын айтты
Атырау облысы Мақат ауданы экс-әкімінің бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева сот шешіміне наразы екенін және үкімге ішінара апелляциялық шағым түсіруге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Атырауда бұрынғы әйелін ұрды деп айыпталған Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты үкім шыққан болатын. Сот оны екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сондай-ақ, Ринат Ибрагимовтен жәбірленушінің пайдасына моральдық шығынды өтеу ретінде екі миллион теңге өндірілді.
Ақмарал Үмбетқалиева ер адам оны балаларының көзінше 11 жыл бойы ұрып келгенін айтты.
"Мен моральдық зиян сомасына риза емеспін. Біз 20 миллион теңге өндіруді сұрадық, үкімге шағымданатын боламыз. Оның бас бостандығын шектеу мерзіміне келсек, оған шағымданбаймыз. Қазір заңгермен бірге балаларға қатысты ойланып жатырмыз, балалардың менімен тұруына қолжеткіземіз", - деп түсіндірді Ақмарал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также