12 мамыр 2024 12:34

Атырау облысында Жайық өзеніне әлі де су келіп жатыр - ТЖМ

Фото: Видео кадры

Атырау облысында Жайық өзенінде су әлі де көтеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында Жайық өзенінде су әлі де көтеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келіп жатыр. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамырда сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

  • Атырау - 538 сантиметр. Тәулігіне + 5 сантиметр.
  • Индербор ауданы 1033 сантимтер. Тәулігіне +7 сантиметр.
  • Махамбет ауданы 955 сантимтер. Тәулігіне +16 сантимтер.
Реклама
Реклама

"Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артуы күтіледі", - делінген хабарламада.

"Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. ҚР ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.

ТЖМ мәліметінше, республика бойынша 54703 адам өз үйлеріне оралған.

"5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде. 11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 миллион қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төселді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram