ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2020 | 13:15
Атырау облысында жел екі мектептің шатырын ұшырды
Атырау облысында қатты желдің салдарынан екі мектептің шатыры ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысында қатты желдің салдарынан екі мектептің шатыры ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 16 мамыр күні Құрманғазы ауданында болған. Солтүстік-батыстан соққан желдің салдарынан аудан орталығында орналасқан Әуезов атындағы орта мектептің шатыры қирады. Мектеп 1982 жылы салынған, алайда 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Жел шатырдың 400 шаршы метрге жуық бөлігін бұзған. Мектеп шатырының аумағы - шамамен 3 мың шаршы метр.
Осы кезде Сафон ауылындағы Энгельс атындағы орта мектептің де шатыры ұшты. Шатырдың жалпы көлемі 1,3 мың шаршы метр болса, оның 150 шаршы метрі бұзылған. Сондай-ақ гараж бен қойманың шатыры қираған. Мектеп 2011 жылы салынған.
Ресми органдардың хабарлауынша, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Шығынның мөлшері анықталып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также