Атырау облысында жоғалған аңшы төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney арқылы жасалған

Атырау облысында аңға шығып, хабарсыз кеткен ер адам төрт күннен бері іздестіріліп жатыр. Іздеу шараларына тікұшақ қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысында аңға шығып, хабарсыз кеткен ер адам төрт күннен бері іздестіріліп жатыр. Іздеу шараларына тікұшақ қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары шамамен 100 шақырым радиуста үздіксіз жүргізіліп жатыр.

"Операцияға ТЖД мен полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ жоғалған азаматтың достары мен туыстары жұмылдырылған. Жалпы саны 43 адам, 11 техника және үш ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Бүгін қосымша күштерді жұмылдыру жоспарланып отыр", - дейді ТЖД өкілдері.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар іздеу барысында EC-033 тікұшағы да пайдаланылғаны хабарланды.

Еске салайық, 1964 жылы туған ер адам 14 желтоқсанда үйінен шығып, Ботақан кен орны маңында жоғалып кеткен. Аталған аумақ Құлсары қаласынан 65 шақырым, ал Атырау қаласынан шамамен 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама