Атырау облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты

t.me/POLICE_of_KZ

Атырау облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"22 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы облыстық тасжолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Toyota Ipsum көлігінде болған 3 жолаушы және Lada Granta автокөлігіндегі 2 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев. 

Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқарып жатыр. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама