24 қазан 2023 17:28

Атырау облысында жұмысшылар ереуілге шыққаны туралы хабарламаға әкімдік жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Freepik

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Kazakh Construction Group ЖШС жұмысшылары ереуіл ұйымдастырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Kazakh Construction Group ЖШС жұмысшылары ереуіл ұйымдастырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін кейбір Telegram-арналарында Атырау облысы Мақат ауданында газ өңдеу зауытын салып жатқан Kazakh Construction Group ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді талап еткені туралы ақпарат пайда болды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 24 қазанда Kazakh Construction Group ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қалдыбатыр Н., Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департамент өкілдері, әкімдік пен прокуратура қызметкерлері Мақат ауданы еңбеккерлерімен кездескен.

Реклама
Реклама

"Түсіндіру жұмыстарынан кейін сағат 14:00 шамасында барлық қызметкерлер жұмысын қайта бастады. Сондай-ақ, қызметкерлер Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қаралатын талаптарды көрсете отырып, өтінішпен жүгінді", - деп түсіндірді Атырау облысының әкімдігі жағдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram