ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2019 | 18:05
Атырау облысында жыл басынан бері 156 бала шетінеген
Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова Атырау облысында сәбилердің өлімі жағдайын тексеру нәтижесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова Атырау облысында сәбилердің өлімі жағдайын тексеру нәтижесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Атырау облысы сәбилердің шетінеуі бойынша қазіргі уақытта еліміз бойынша көш бастап тұр екен.
"Тоғыз айда облыс бойынша бір жасқа дейінгі 156 баланың өлгені тіркелген. Оның 98-і (62,8 пайызы) - облыстық перинаталдық орталықта, қалғаны 54-і басқа да медициналық ұйымдарда және төрт бала анасының құрсағында шетінеп кеткен. Бала өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңдегі жағдайға байланысты, жұқпалы аурулар, тума талма ауруы, қайғылы жағдайлар", - деді Бюрабекова.
Тамыз бен қыркүйекте бала өлімі жиілеген.
Комитет төрайымы 42 сәбидің медициналық картасы жіті тексерілген, олар тамыза 26 бала, қыркүйекте 16 бала.
Өлген балалардың 73,4 пайызы - жетілмеген, олардың арасында 500 - 999 грамм - үшеу, 1000-1499 грамм - сегіз, 1500-2500 грамм-14. Медициналық карталар мен гистологиялық материалдарды талдау тамыз айында Атырау облыстық перинаталдық орталығында ауруханаішілік инфекцияның (57,7 пайыз - қандағы бактерияларды оң егумен), қыркүйек айында санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етпеу нәтижесінде жаңа туған нәрестелерді ауруханаішілік жұқтырудың жалғасуы туралы куәландырады. Бұл дерек эпидемиологиялық тергеу нәтижесімен расталады", - деді Бюрабекова.
Оның айтуынша, облыста нәресте өлімінің өсуіне алып келетін бірқатар жүйелі мәселелер анықталған.
"Аймақта медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы тозған, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жаңартылмаған, кадрлардың тапшылығы да бар. Облыстың медициналық ұйымдарының қызметіне және олардың арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жеткіліксіз бақылау жасалды".
"Немқұрайлы жұмыс бойынша қызметін ұйымдастыру және үйлестіру бойынша даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы кадрларды. Оның ішінде инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған, бұл ауруханаішілік инфекцияның өсуіне және шала туған нәрестелердің ауыр септикалық асқынуларының артуына әкеп соқты", - деді комитет төрайымы.
Показать комментарии
Читайте также