ПОДЕЛИТЬСЯ
22 шілде 2020 | 18:47
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызы аурудан жазылған
Атырау облысында бүгінде 9 392 адамнан коронавирус табылған. Соңғы бір тәулікте 109 адам COVID-19 жұқтырған. Өңірде вирус жұқтыру өсімі - 1,7 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде 1170 инфекциялық, 747 провизорлық және 2013 карантиндік орын ашылған.
"Қазіргі уақытта облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инфекциялық орын саны 60 пайызға артты. Атап айтсақ, 466 қосымша орын ашылды. Бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда 55 интерн жұқпалы аурулар мен уақытша стационарларды жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге, Ресейден келген дәрігерлер біздің дәрігерлермен тығыз байланыста. Емдеу қатаң бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Қазіргі уақытта өңірде COVID-19 жұқтырып, аурудан жазылғандар саны 5 677-ге жеткен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также