14 ақпан 2024 11:16

Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Фото:depositphotos.com

Атырау облысында күкірті бар вагондар рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында күкірті бар вагондар рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 14 ақпанда сағат 03:25-те Атырау облысы Жылыой ауданы, "Құлсары" т/ж станциясы, № 11-жолда "Теңізшевройл" ЖШС-не тиесілі тепловоздың 7 жартылай вагонының рельстен шығып кету дерегі болды. Тепловоздағы жалпы вагон саны - 62", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Вагондарда күкірт тиелгені анықталды.

"Бұл жағдайда күкірт далаға төгілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат "ҚТЖ ҰК" АҚ қалпына келтіру пойызы шықты".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram