ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2019 | 12:45
Атырау облысында сайлау күні 19 сәби дүниеге келді
Атырау облысында 9 маусымда 19 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысында 9 маусымда 19 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Соның ішінде 8 сəби қаладағы перзентханада, ал қалған 11-і өңірдегі аудандарда дүниеге келген.
"Мұнайлы өңірде таңғы сағат 7:00 ден кешкі 20:00-ге дейін 19 сəби дүниеге келді", - делінген хабарламада.
Елімізде дауыс беруге сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты.
Кеше, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Кейінірек "Қоғамдық пікір" институты exit poll нәтижесін жариялаған еді. Exit poll мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады.
Показать комментарии
Читайте также