Атырау облысында шетелдік найзағай ұрып қаза тапты

©️ depositphotos.com

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы найзағай соғып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқЖайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы найзағай соғып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқЖайық" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 25 маусымда кешке болған. Найзағай Үсенов көшесіндегі иесіз үйге түсіп, өрт шыққан. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері өртті сөндірді.

Кейін бұл үйде адам болғаны белгілі болды. Найзағай түскен кезде ол салынып жатқан үйдің асханасында болған.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында 2024 жылдың 28 мамырында "Бейнеу" шекара заставасы арқылы Қазақстанға шетел азаматы кіріп, Миялы ауылы тұрғынының үйінде уақытша тіркелгені анықталды.

Мәйітті тексеру кезінде дене жарақаттары табылмады. Мәйіт сот-медициналық сараптама жүргізу үшін аудандық аурухананың мәйітханасына жіберілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама