17 маусым 2019 | 11:54

Атырау облысында шетінеу жағдайы көбейген

© news.day.az

Атырау облысында шетінеу жағдайы көбейген, - деп хабарлайды ATPress. Статистика департаменті өткен жылғы облыс халқының демографиялық ахуалын жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында шетінеу жағдайы көбейген, - деп хабарлайды ATPress. Статистика департаменті өткен жылғы облыс халқының демографиялық ахуалын жариялады.

Өңірде 17033 нәресте дүниеге келген, өткен жылмен салыстырғанда 590 адамға көбейді. Аудандар бойынша ең жоғары туу көрсеткіші Жылыой, Индер  және Қызылқоға аудандарында көрініс тапқан.

Реклама
Реклама

"Осы кезеңде тіркелген өлім саны 3547 болып, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайыз, ал 1 жасқа дейінгі сәби өлімі 54,7 пайыз көбейді. Перинаталдық кезеңінде пайда болатын жағдайлар нәресте өлімінің негізгі себебі болып, былтыр 114 нәресте өлімі тіркелді, 35 нәресте туа біткен ауытқулардан болған. 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өлімі - 35 жағдай тіркелген", - делінген статистика департаментінің хабарламасында. 

Айта кетейік, өңірде 633 791 адам тұрады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная