15 қазан 2020 09:32

Атырау облысында спортшылар карантин шарасын жеңілдетуді сұрады

© elements.envato.com

Атырау облысындағы спорттық секциялардың жаттықтырушылары мен фитнес-клубтардың басшылары облыстың бас санитар дәрігері Асылбек Шаромовпен оның таяудағы спорттық нысандарды жабу туралы шешіміне қатысты өз пікірін білдіру үшін кездесті, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы спорттық секциялардың жаттықтырушылары мен фитнес-клубтардың басшылары облыстың бас санитар дәрігері Асылбек Шаромовпен оның таяудағы спорттық нысандарды жабу туралы шешіміне қатысты өз пікірін білдіру үшін кездесті, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

Спортшылар мейрамхана, кафе, сауналар шектелген уақытпен болсын жұмыс істеп жатқанына, ал олардың жұмыс уақытын қысқартудың орнына мүлде жауып тастағанына наразы. Балалар секцияларының жаттықтырушылары кішкентай балалардың коронавирус жұқтыру қаупі аз екенін алға тартты. 

Реклама
Реклама

"Біздің де жұмыс уақытымызды өзгертсін, бірақ мүлде жауып тастамасын. Біз санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтап жұмыс істедік, ғимараттың ауасын үнемі тазартып тұрдық, кварц жасап, бәріміз маска тағып жүрдік. Қажет болса режимді тағы да қатаңдата аламыз. Бірақ бізді мүлде жауып тастаудың мәнін көріп тұрған жоқпын", - деді кездесуге келгендерді бірі.  

Жаттықтырушылар карантин шарасы кейбір өңірде ғана күшейгеніне қарамастан жергілікті спортшылар аймақаралық жарыстарға бара алмай отырғанын да айтады. 

"Үлкендер мен ересектердің офлайн жаттығуға қатысуын қарастыруға болады, ал балалар қашықтан жаттыға берсін", - деп ұсынды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Ринат Ибрагимов.

Бас санитар дәрігер өз шешімін тағы да түсіндірді: спортпен айналысқан кезде маска тағып жүру мүмкін емес, адамдар белсенді түрде қозғалып, дем алып, дем шығарып жүргендіктен ауа әдеттегіден көп болады, осылайша инфекция жұқтыру қаупі жоғары болады. Себебі коронавирус ауа-тамшы жолы арқылы тарайды. Одан бөлек, бас санитар спортшылардың секция, клубтар мен фитнес-клубтардың қазіргі жағдайдағы жұмысына қатысты мәселені қарастыратынын айтты. Нәтижесінде спортшылар өз ұсыныстарын жазып өткізсе, оны тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімі қарастыратыны айтылды.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram