Атырау облысында тәрбиеші мүгедектігі бар баланы ұрған: іс қозғалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Атырау облысында тәрбиеші мүгедектігі бар баланы ұрған: іс қозғалды видео кадры

Атырау облысында зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған орталықта балаға қатысты қатыгездік көрсету әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Онда орталық қызметкерінің дамуында ерекшеліктері бар баланы жұлқып көтеріп, ұрып жатқаны көрінеді.

Полиция видеоны зерттеп, қылмыстық іс қозғаған.

Жарнама
Жарнама

"Тәрбиешінің екінші топтағы мүгедектігі бар балаға қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 2024 жылы болған, бірақ полицияға ол туралы 25 қыркүйекте арыз түсті", - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары алдын ала тергеу жүргізіп, оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен куәгерлерден жауап алып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама