13 желтоқсан 2019 | 14:27

Атырау облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында 150 тұрғын жаңа баспанаға ие болды

Атырау облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16 отбасы Жұлдыз ықшамауданындағы жайлы тұрғын үйлерге көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16 отбасы Жұлдыз ықшамауданындағы жайлы тұрғын үйлерге көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кезінде бұл ауыл кәдуілгі теміржол айырығы болған еді. Уақыт өте теміржол жұмысшылары мен станция бақылаушылары осы жерге үй салып, қоныстанды.

Реклама
Реклама

496 разъезд Атырау қаласы әкімдігінің қарамағында. Қазір облыс орталығының құрамына енген, бұрынғы Геолог ауылдық округінің құрамында болды.

Тұрғындар өздерін жайлы үйлерге көшіру туралы өтініштерін он жыл бойы жергілікті билікке айтып келген болатын. Шағын ауылда газ да , жол да жоқ. Жауын-шашыннан кейін айнала қара балшыққа айналып, авариялық қызметтер мен жедел жәрдемнің қызметіне үлкен қиындықтар туғызады.

Алдымен ауылдан жергілікті жастар кетіп қалды. 496 разъезде, негізінен, кенже балаларымен жасы үлкен адамдар тұрып жатыр. Үйлерін пешпен жылытып, ай сайын газ баллондарын сатып алады.

"1 баллон 3 мың теңге тұрады. Шамамен бір айға жетеді, сосын қайта сатып аламыз. Бірақ, оның өзін ұзақ күтеміз, себебі, біздей алыс жерге жету қиын және қалаға алып баратын жол жоқ", - дейді жергілікті тұрғын Айдана Дюсекенова.


Өтіп жатқан пойыздардың дүрсілінен 496 разъездің тозығы жеткен үйлері шашылып қала жаздайды, тұрғындар кейде оларды жылына бірнеше рет жөндеуге мәжбүр. Сызат-саңылаулардың кесірінен үйлер дұрыс жылынбай, кейде пешті тәулік бойы толассыз жағуға тура келеді.

Екі жыл бұрын Атырау облысы әкімінің есебіне келген 496 разъездің тұрғындары жайлы үйлерге көшіру туралы өтініштерін айтқан болатын. Нұрлан Ноғаев бұл мәселе қаралып, жергілікті атқарушы органдар проблеманы шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастыратынын мәлімдеді.

"Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда Атырауда жаңа тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Атырау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Тәуелсіздік күні қарсаңында 496 разъездің тұрғындарын Жұлдыз ықшамауданында орналасқан жаңа үйлерге көшіру туралы шешім қабылданды", - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Джанглишов.


12 желтоқсанда "496 разъезд" станциясында тұрып жатқан 16 отбасы жаңа пәтерлердің кілттерін қолдарына алып, қуанышқа бөленді.


"Біз осы сәтті он жыл күтіп, ақыры қолымыз жетті. Ендігі өміріміз жаңаша болатынына сенімдімін. Балаларымыздың қуанышы шексіз, олар енді үйірмелер мен секцияларға бара алады. Күйеуіміз екеумізге де жұмысқа жету әлдеқайда оңай. Ең бастысы, қыста жылы және жайлы болады", - деп көпбалалы ана Гүлзада Исмағамбетова қуанышын бөлісті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная