05 қазан 2022 12:53

Атырау облысында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атырау облысында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Мақат аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Мақат аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, 4 қазанда кешке Мақат вокзалында төрт жүк вагоны теміржолдан шығып кеткен.

Рельстен шығу бөлек желіде болған, сондықтан ол басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Бұл дерек бойынша барлық мүдделі мемлекеттік орган дер кезінде хабардар етілді. Қазір оқиғаның себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram