Атырау облысында тұрғындар ерекше түске боялған Жайық суын талқылап жатыр

Видеодан алынған кадр

Экологтар Атырау облысында түсірілген Жайық өзені суының видеосы жарияланғаннан кейін тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Экологтар Атырау облысында түсірілген Жайық өзені суының видеосы жарияланғаннан кейін тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Индербор аудан орталығындағы Жайық суын түсірген видео тарап жатыр. Видео кадрларында мұз астында түсініксіз қара сұйықтық пайда болғаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Жергілікті тұрғындар су астында қалып қойған ескі балық аулайтын торлар шіріп, су осындай түске боялды деп болжайды. Бірақ басқа да себеп болуы мүмкін. Қалай болғанда да, Атырау облысы бойынша экология департаменті қызметкерлері тексеруді бастады.

"Бұл жағдайдан хабардармыз. Қазір қызметкерлеріміз мобильді зертханамен сынама алуға шықты. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деп хабарлады жергілікті экология департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама