25 мамыр 2024 | 12:33

Атырау облысындағы ауылдың бірінде тұрғындарды эвакуациялау басталды

Фото: primeminister.kz

ТЖМ құтқарушылары Атырау облысы Талдыкөл ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялауды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ТЖМ құтқарушылары Атырау облысы Талдыкөл ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялауды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, бір күн бұрын Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекенге кіреберіс жол су астында қалды.

Ауыл тұрғындарын хабардар ету үшін сирена қосылды.

Реклама
Реклама

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы су басу қаупінің күшеюіне байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында толық эвакуациялау туралы шешім қабылдаған.

Тұрғындар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жатақханасы базасындағы эвакопунктке орналастырылады. Сонымен қатар, өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады.

Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная