ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2020 | 13:27
Атырау облысындағы блокбекеттер туралы не белгілі?
Атырау облысында төрт блокбекет қойылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысында төрт блокбекет қойылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Облыстардың бас санитар дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес екі өңірде төрт блокбекет (Атырау облысында) қойылды және екі санитарлық бекет (Ақтөбе облысында) қойылды. Полиция 299 карантиндік объектіні қоршауға алып жатыр Медициналық мекемелердің сұрауы бойынша байланыста болған адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, министр ішкі істер органдары елдегі карантиндік режимді күшейтуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға дайын екенін айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также