02 мамыр 2022 | 15:46

Атырау облысындағы көлден жарты тонна өлі балық табылды

Иллюстрациялық фото

Атырау облысының көлінен жарты тонна өлі балық табылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының көлінен жарты тонна өлі балық табылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Алмағамбет көлінде 507 келі, Безымянный көлінде тағы 65 келі өлі балық табылған. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов мәлімдеді.

"Безымянный және Алмағамбет көлдеріндегі су деңгейінің көтерілуі мен төмендеуіне байланысты балықтар жіңгіл тоғайына кептеліп, шыға алмай қалған. Безымянный көлінен 65 келі, Алмағамбет көлінен 507 келі өлі балық алынды. Қазір жұмыс жалғасып жатыр", - деп түсіндірді Бахиянов.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Орал-Каспий бассейндік инспекциясының 40 қызметкері және Алға аулынан сегіз жұмысшы жұмылдырылды.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы өңірдегі 200 су қоймасының 70-ке жуығы қауіпті санатқа жатқызылып, қатаң бақылауда екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная