ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 тамыз 2021 11:16
Атырау облысындағы соңғы соғыс ардагері қайтыс болды
6 тамызда Ұлы Отан соғысының Атырау облысындағы соңғы ардагері Закария Сұлтанов 96 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды azh.kz.
Закария Сұлтанов 1925 жылы Забурунье қаласында дүниеге келген. 1943 жылы соғысқа шақырылып, Беларусь майданы құрамында 143-полкте соғысқан. 1946 жылы үйіне оралған.
ІІ дәрежелі Даңқ орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Фото: azh.kz
Биыл мамырда Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері тұратыны хабарланған. 2020 жылы олардың саны 1025 болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу