21 сәуір 2019 | 09:43

Атырау облысының әкімі құзырлы органдарға жұмыссыздық мәселесін шешуді тапсырды

Сурет Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінен

Атырауда жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жиналысқа мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық және кәсіподақ ұйымдарының, жастар бірлестіктерінің мүшелері мен студенттер қатысты. 

Реклама
Реклама

"Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайыз, ал біздің өңірде - 2,4 пайыз. Бүгінде облыстағы студенттер "Мәңгілік ел", "Жастар индустрияға", "Серпін-2050" бағдарламалары бойынша білім алып жатыр. Жүзден аса мекеменің басшыларымен кездесіп, жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Басқармаға да мекемелерден сұраныстар түседі. Биыл жастар тәжірибесімен мекемелерге 1000 жас барады. Өткен жылы 1186 адам оқытудан өтіп, 511-і жұмысқа орналасты", -деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Облыс әкімі күн тәртібіндегі тақырып бойынша тапсырмалар берді.

"Жастар тәжірибесі- тиімділігін көрсеткен жоба. Өткен жылы оған мыңнан аса жас қатысып, жартысы жұмысқа орналасты, бұл жақсы көрсеткіш. Облыста 12 мыңнан аса мекеме бар, студенттер соларда білім ала отырып, өндіріске араласуға, өздерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Жоқ дегенде 2-3 мың кәсіпкер университет бітірген жастарға тәжірибеден өтуді ұсынады, оларға еңбекақы жергілікті бюджет есебінен төленеді. Егер жас қызметкер өзін жақсы қырынан көрсетсе, жұмысқа қалдырады. Енді неге квота санын көбейтпеске? ЖОО бітірген жастардың мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқандары жақсы", - деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, Атырау облысының әкімі құзырлы органдарға жұмыссыздықтың алдын алу үшін әр жас тәжірибеден өтушіні жеке бақылауға алуды тапсырды.
 
"Кезінде Елбасы әр мектеп түлегін бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Кім қандай мектепті бітірді, қандай оқу орнына түсті, қандай қызметке орналасты? Егер жұмыссыз болса,  немен айналысуда? Бұл аудан басшыларының, ауыл әкімдерінің, оқу орындарының жұмысы. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шаралар", - деді Нұрлан Ноғаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная