19 қазан 2021 14:31

Атырау облысының тұрғындары шаян шаққанын айтып шағымданды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: mgorod.kz

Атырау облысында шаяннан ауыл тұрғындары зардап шегіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында шаяннан ауыл тұрғындары зардап шегіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем диспетчерлеріне 1 қазаннан 19 қазанға дейін шаян шаққан облыс тұрғындарынан 23 қоңырау түскенін хабарлады.

"Өтініштің көбі улы жәндіктер табылуы мүмкін жеке үйлерде тұратын ауыл тұрғындарынан түседі. Шаян шаққан құрбандарға алғашқы көмек көрсетіледі, қажет жағдайда олардың денсаулығына байланысты ауруханаларға жатқызылады. Өтініш бергендер үйде дәрігердің амбулаториялық бақылауында болады", - делінген департаментте.

Реклама
Реклама

Облыстық балалар ауруханасы мен №1 облыстық ауруханада шаян шаққан науқастар жоқ екені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram