Атырау орталығындағы "арнайы операция" тұрғындарды алаңдатты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Атырау тұрғындарын қала орталығындағы тәртіп сақшыларының "арнайы операциясы" үрейлендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау тұрғындарын қала орталығындағы тәртіп сақшыларының "арнайы операциясы" үрейлендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның WhatsApp-нөміріне Абай және Азаттық көшелерінің қиылысында түсірілген кадрларды оқырмандар жіберді. Суреттер авторының айтуынша, көрсетілген аумақты тәртіп сақшылары қоршауға алған. Олардың нақты не істеп жатқаны белгісіз, бірақ әрекеттері арнайы операцияға ұқсайды.

Реклама
Реклама

Оқырман жолдаған сурет

Осыған байланысты пікір алу үшін облыстық Полиция департаментіне хабарластық. Олар қалада арнайы операция болмағанын хабарлады. Тәртіп сақшылары лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізген.

"Жедел штаб лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының лаңкестік актілердің жолын кесуге, олардың салдарын барынша азайтуға және жоюға дайындығын тексеру.

Осыған байланысты осы кезеңде қаланың жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі. Біз қала тұрғындары мен қонақтарынан өтіп жатқан жаттығуларға түсінікпен қарап, сабырлық сақтауды сұраймыз", - делінген АОЖШ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная