18 қараша 2020 | 11:01

Атырау перзентханасындағы сәби өлімі: адвокат мәлімдеме жасады

© 2gis.kz

Атыраудағы перинаталдық орталықта сәбидің өлімі бойынша іске қатысты жаңа деректер пайда болды. Кезекті сот отырысында бас сотталушы Қуаныш Нысанбаевтың адвокаты Аслан Жолболов мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, сәбидің денесі ауыстырылған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Azh.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атыраудағы перинаталдық орталықта сәбидің өлімі бойынша іске қатысты жаңа деректер пайда болды. Кезекті сот отырысында бас сотталушы Қуаныш Нысанбаевтың адвокаты Аслан Жолболов мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, сәбидің денесі ауыстырылған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Azh.kz.

"Мен белгілі бір дәлелдемелерге, атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары институтының комиссиялық (қайталама) сараптамасының қорытындысына аса жол берілмейтіні туралы мәлімдеме жасағым келеді. Осы қорытындының негізінде менің қорғалушым Нысанбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша айып тағылып жатыр", - деді адвокат Жолболов.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сараптамадан кейін сәбидің мәйіті 2019 жылғы 30 қыркүйекте Оралдан Атырауға қайтарылып, сол күні ата-анасына қайтарылды. 

Адвокат өзінің әріптесі, адвокат Жамбыл Мұқашевқа бұл сәйкессіздік туралы бірнеше рет айтқанын, бірақ сот оны назарға алмағанын айтады. Ол Қарағандыда жүргізілген комиссиялық сараптаманың қорытындысына назар аударды.

"Осы жылдың 9 қазанында мен Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығына адвокаттық сауал жібердім: зерттеу объектісіне берілген нөмір сараптама қорытындысындағы нөмірге сәйкес келуі керек пе? 

Енді қараңыздар: зерттеу объектісіне берілген нөмір - 14-651/23-3- 257K. Бұл мынаны білдіреді: 14-651 - тіркеу журналына сәйкес зерттеу объектісін, яғни келіп түскен сәбидің мәйітін тіркеудің реттік нөмірі. Ал 23-3-сараптама шифры, 257К - комиссиялық сараптама нөмірі.

Қорытындыға қоса берілген фотосуретке сәйкес зерттеу объектісі 14-652/23-3/257k нөмірлі материал болды. Сандар сәйкес келмейді. Менің ойымша, бұл басқа мәйіт. (...) Шешімді сот шығарсын", - деді Жолболов.

Адвокаттың пайымдауынша, контейнерді мөрлеген кезде өрескел заңбұзушылықтар болған. Судья Гүлмира Дәулетова құжаттарды прокурор Нұржан Жангереевке беруді сұрады.

Еске салайық, бұл оқиға былтыр қыркүйекте болған еді. 30 қыркүйекте Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қуаныш Нысанабев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржан жаңа туған сәбиті өлтірді деген күдікпен ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің нұсқасы бойынша, тірі туған шақалақты олар толтырып қойған құжатты өзгертпеу үшін мұздатқышқа салып қойған. Осыдан кейін қоғам бұл оқиғаны қызу талқылай бастаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная