02 желтоқсан 2020 | 18:03

Атырау перзентханасындағы сәби өлімі: прокурор бас дәрігерді 20 жылға соттауды сұрады

Атыраудың перинаталдық орталықтағы сәбидің өлімі бойынша сот отырысында қорытынды кезең - екі жақтың пікісайысы басталды. Прокурор Нұржан Жангереев бес сотталушыға қатысты айыптау қорытындысын оқыды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атыраудың перинаталдық орталықтағы сәбидің өлімі бойынша сот отырысында қорытынды кезең - екі жақтың пікісайысы басталды. Прокурор Нұржан Жангереев бес сотталушыға қатысты айыптау қорытындысын оқыды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

Айыптаушы соттан перзентхананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты қылмыстардың жиынтығы бойынша кінәлі деп тануды және оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, прокурор акушер-гинеколог Асқар Қайыржан мен акушер Жәмилә Құлбатырованы 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.  

Неонатолог дәрігер Руслан Нұрмұхамбетова мен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы ақпарат бермегені үшін үш жылға соттау сұралды. 

Айыптаушы тарап сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, БҚО сот-медициналық сараптамасының алғашқы қорытындысымен және Қарағандыдағы қайталама (комиссиялық) қорытындымен толық дәлелденді, оның ішінде Тұрымбетова мен Молдағалиеваның жаңа туған нәрестелері тірі туды деп есептейді.

Прокурордан кейін жәбірленуші Нұржамал Тұрымбетова мен Роза Молдоғалиева сөз сөйледі. Олар айыптауды толығымен қолдап, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы өз талаптарын қанағаттандыруды сұрады. Екеуі де Нысанғалиевтен 10 миллион теңгеден, Тұрымбетовтен 10 миллион теңгеден, Құлбатыровадан бес миллион теңгеден және екі неонатологтан екі миллион теңгеден өндіруді сұрады.

Жәбірленуші Роза Молдағалиева өтіп жатқан эпизод деректерді бұрмалаумен байланысты. Былтыр 13 қыркүйекте Молдағалиеваның баласына Даун синдромы және трисомия диагнозы қойылған, бала туған кезде жүрегі тоқтап тұрған, бірақ содан кейін ол өмір белгілерін көрсетіп, 29 минуттан кейін қайтыс болды. Сонымен қатар, Нысанбаев ауру тарихында "ұрықтың антенатальды өлімі" (құрсақішілік даму кезеңінде, яғни босану басталғанға дейін ұрықтың өлімі) деп жазуды бұйырған. Бірақ іс жүзінде журналда "интранатальды өлім" диагнозы, яғни босану кезіндегі өлім көрсетілуі керек болған. Осылайша сол 29 минутта жаңа туған нәрестеге ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген, реанимациялық шаралар жүргізілмеген.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2019 жылдың 29 қыркүйегінде болды. Сол күні Атыраудың перинаталдық орталығында дүниеге келген сәби өмір белгілерін көрсетпегендіктен оны өлі туған ретінде жазып жіберген. Бірақ сәбиді тоңазытқыш камерасына апарған кезде оның аяқтары қозғалған. Тергеу болжамы бойынша, дәрігерлер құжатта қателік жібермеу үшін баланы тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная