Атырау полициясының экс-басшысы Бақтыбек Исаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

Атырау полициясының экс-басшысы Бақтыбек Исаев уақытша ұстау изоляторына қамалды azh.kz

Атырау Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақтыбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы сәрсенбіде Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырау Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақтыбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы сәрсенбіде Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство ІІМ жүргізген жоспарлы қызметтік тексеру барысында полиция басшысы тарапынан "құқыққа қайшы әрекеттер дерегі" анықталғанын атап өтті.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев Атырау қаласында дүниеге келген. Орталық Азия университетінің түлегі. Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

Атырау Полиция басқармасының бастығы болып 2024 жылдың мамырында тағайындалған. Оған дейін бірқатар басшылық лауазымдарды атқарған, атап айтқанда, Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама