ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2023 | 10:15
Атырау тұрғындары қаланы түтін басқанына шағымданды
Атырауда тұрғындар көшедегі өткір иіске шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда тұрғындар көшедегі өткір иіске шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, кеше сағат 18.00-ден бастап бірте-бірте қаланың барлық ауданын түтін басқан. Мұның себебі қамыстың өртенуі болған. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департменті өртсөндірушілер өрт сөндірумен айналысып жатқанын хабарлады.
"Сағат 9:12-де Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде, Каспий теңізі жағалауында, "Ақжайық" РМК аумағында қамыс өртенді. Жану аумағы - 85 гектар. Төтенше жағдайлар департменті күші "Ақ Жайық" РМК қызметкерлерімен бірлесіп, 80 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды, - деді ведомство өкілі.
Өртсөндірушілер жел екпіні қатты болған соң жанған қамысты сөндіру қиын болып жатқанын жеткізген. Бірақ елді мекендерге таралу қаупі туындамаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также