ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қазан 2020 | 09:49
Атырауда №1 емхана қызметкерлері өтемақысын ала алмай жүргеніне наразы
9 қазанда Атырауда пандемия кезінде жұмыс жасағандары үшін әлі күнге дейін өтемақы алмаған №1 қалалық емхананың 30-дан астам қызметкері емханада жиналды. Олардың айтуынша, екі мәрте құжат тапсырғанымен, денсаулық сақтау басқармасы өтемақы төлеуден бас тартқан. Бұл туралы azh.kz хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
9 қазанда Атырауда пандемия кезінде жұмыс жасағандары үшін әлі күнге дейін өтемақы алмаған №1 қалалық емхананың 30-дан астам қызметкері емханада жиналды. Олардың айтуынша, екі мәрте құжат тапсырғанымен, денсаулық сақтау басқармасы өтемақы төлеуден бас тартқан. Бұл туралы azh.kz хабарлады.
Емхана тіркеушісі Мария Қонарова - пандемия кезінде коронавирус жұқтырған ең алғашқы медицина қызметкерлерінің бірі. Ол қауіпті дертті емханаға келген науқастардан жұқтырғанына сенімді. Алайда әлі күнге өтемақысын ала алмай жүр.
"Мен өзім көпбалалы анамын. Коронавирусты тексерген тест оң нәтиже көрсетіп, оған қоса пневмония диагнозы қойылды. Ауруханада емделіп шықтым. Карантин кезінде емханамыз жабылған жоқ. Кейбір әріптесім ауырса да, емделіп алып, жұмысқа қайта шықты. Біз өтемақы алуға екі рет құжат тапсырдық. Екеуінде де себебін түсіндірместен бас тартты. Бұл әділетсіздік қой.
Бұдан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының құжат қабылдаған қызметкерлері бізден: "Қашан, қай жерде жұқтырып алдыңдар?" деп сұрайды. Осы сұраққа жауап беру мүмкін бе өзі?", - дейді Қонарова.
Ренгенолог Азамат Әділбекұлы пандемияның алғашқы кезеңінде 200-ге жуық науқасқа, соның ішінде әріптестеріне де, "пневмония" диагнозын қойған.
"Мені ауыстыратын екінші рентгенолог ауырып қалып, мені жұмыстан жіберген жоқ. Екі күн дене қызуым 39 градус болса да, жұмыста жүрдім. Компьютерлік томография нәтижесі бойынша пневмония болсақ та, қызметімізді атқара беруге тура келді. КТ-ға өз әріптестерімді де түсірдім, қажет болса, көбінде пневмония болғанын дәлелдей аламын", - дейді ол.
70 миллион қайда жоғалып кетті?
Медиктердің айтуынша, 65 мың адамға қызмет көрсететін қаладағы ең үлкен емханада 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың көбі коронавируспен ауырып шыққан.
"КТ-ға түсіп, шыққан қорытындылардың бәрі бар. Ковидке тапсырған анализ оң нәтиже көрсетті. Енді не керек боп тұр? Әлде өліп қалуымыз керек болды ма? Өздері емес пе бізді блок бекетке қойған!", – дейді ашуланып мейірбике Балжан Төлегенова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Асхан Байдуалиев жиналғандарды арнайы комиссия шешімімен таныстырды.
"Өтемақы заң шеңберінде комиссия шешіміне сәйкес төленеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне тексеру нәтижесі бойынша өтемақы төлеу туралы денсаулық сақтау және еңбек министрліктерінің біріккен бұйрығы бар. Дәрігерлерге өтемақы осы ережеге сай төленеді. Алайда, сол бұйрыққа жақында енгізілген өзгерістерге байланысты дәрігерлердің құжаты қайтадан комиссияға беріліп, қазір қаралып жатыр. 27 материалдың 9-ына төлеу туралы шешім қабылданды. Негізінен мобильді топта жұмыс істемегендерге өтемақы төлеуден бас тартылды", - дейді Байдуалиев.
Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлерінің еңбекақысына коронавируспен күрес кезінде қосылған үстемақы уақытында төленгенін мәлімдеді. Ал медицина қызметкерлері еңбекақыны уақытында алмағанын айтып отыр. Емхана қызметкерлері дифференциалды төлем мен сыйақылардан да қағылған.
Оны басшылық №1 емхананың есеп-шотынан түсініксіз жағдайда 70 миллион теңгенің жоғалуымен түсіндірген. Бұл электронды алаяқтардан келген іс, тергеу жүріп жатыр деп мәлімдеді Байдуалиев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также