31 тамыз 2023 | 09:15

Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады

Фото Шакир Кейкин/Facebook

Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкіміне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкіміне сілтеме жасап.

Атырау әкімі Шәкір Кейкин әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 1 қыркүйекте қалалық автопарктермен қоғамдық көлікте тегін тасымалдауға келіскенін хабарлады.

"Бұрыннан да мемлекеттік мереке күндері автобустарға тегін жүру акциялары іске асып келе жатырғанын өздеріңіз білесіздер. Осыған байланысты өзімнің тарапымнан оқу жылының алғашқы күнінің маңыздылығын ескеріп, ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдер мен басқа да қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында автобуста тегін қатынау туралы "Ақжайық", "Атырау", "Алғабус" автопаркі басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын. Аталған автопарк басшылары ұсынысымды бірауыздан қолдап, 1 қыркүйекте Атырау қаласы және қалаға қарасты елді мекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустардың тегін қызмет көрсетеуге дайын екенін айтты", - деп жазды қала әкімі.

Реклама
Реклама

Әкім мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная