11 қазан 2022 08:24

Атырауда 4-сынып оқушылары әлімжеттік кесірінен мектепке барудан бас тартқан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атыраудағы мектептердің бірінің 4-сынып оқушылары әлімжеттік кесірінен сабаққа барудан бас тартқан. Балалар ата-аналарына жоғары сынып оқушылары өздерін қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлейтінін айтқан. Ата-аналар шындықты оқушылар уланғаннан кейін ғана білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының бірінің анасы 4-сыныпта оқитын ұлының түрлі сылтаулармен ақша сұрай бастағанын және рұқсатсыз әкесінің әмиянынан белгілі бір соманы алып кеткенін байқағанын, екі күн бұрын ол басы айналып, есінен танып қала жаздағанын жазған.

"Полиция қызметкерлері түскен ақпаратты тексерді. 4-сынып оқушыларынан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынды.

Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнтақтың психотроптық зат емес, адам ағзасына зияны жоқ екені анықталды. Ол суда еритін сусын болып шыққан", - деп түсіндірді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, білім беру мекемесі басшылығына мектеп оқушыларының ата-аналары да өтініш білдірген екен. Әкімшілік мектеп жанына орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды қарап шыққан, алайда күдікті ештеңе табылмаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram