ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сәуір 2023 | 15:04
Атырауда 400-ге жуық адам наразылыққа шықты
Жексенбі, 9 сәуірде Атырауда алғаш рет экологияға арналған рұқсат етілген наразылық өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" пен AtyrauPress басылымдарына сілтеме жасап.

"Мұнайшы" стадионының алдына 400-ге жуық адам жиналып, қаланың экологиялық мәселесіне назар аударды.
Наразылыққа қатысушылардың көпшілігі жастар. Олардың қолдарында "Өкпеге ауа жетпейді", "Тыныс алатын ештеңе жоқ", "Атырау демал", "Экология пайдадан қымбат", "Біз Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 198-бабының орындалуын талап етеміз" деген жазулар болды.
Наразылық бейбіт өтті. Акцияға қатысушылардың арасында журналистер мен қала белсенділері де бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также