ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2023 | 09:13
Атырауда 470 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталғандар ақталды
Атырауда бюджеттің 470 млн теңгесін жымқыру күдігіне ілінгендер ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда бюджеттің 470 млн теңгесін жымқыру күдігіне ілінгендер ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Атырау қаласының №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотта адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өздерінің қызмет бабын пайдаланумен аса ірі мөлшерде кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу, жымқыруға жәрдемдесу және мүліктік пайда алу мақсатында бірнеше рет іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей, шот-фактура жазу бойынша мемлекетке ірі залал келтіру фактісі бойынша мердігер Т.-ға, мердігердің туысы К.-ге, техникалық қадағалау жөніндегі инженерлер О., М.-ға, техникалық қадағалау компаниясының басшысы К.-ге, Атырау облысы құрылыс басқармасының қызметкерлері С., Н., Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.
Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігімен, 28-бабының 3-бөлігімен, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен, 216-бабының 1-бөлігімен, 216-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен айып тағылған.
"Сотталушы Т. өзінің туысы К. арқылы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасарлары Н, Ж-мен, құрылыс бөлімінің басшысы С-мен бірнеше рет қылмыстық сөз байласқан. Алдын ала сөз байласу арқылы 3 спорт залы, Дамбы ауылындағы 300 орындық мектеп, «Көкарна» ықшамауданындағы 25 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория, «Қара депо» ықшамауданындағы 25 орындық отбасылық-дәрігерлік амбулатория нысандарын салуға бөлінген бюджеттік қаражатты иемдену және талан-таражға салумен жымқырған. Техникалық қадағалау жөніндегі инженерлер М, О, ЖШС директоры К. шындыққа сәйкес келмейтін орындалған жұмыстардың актілерін жасау және оларға қол қою арқылы жымқыруға жәрдемдескен. Күдіктілер осылайша, 470 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлап, аса ірі мөлшерде мемлекетке залал келтіргені үшін айыпталған", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа сотталушы Т. ЖШС директоры бола тұра, негізсіз жұмсалған бюджет қаражатының заңдылығын беру үшін, серіктестіктің шығын бөлігін ұлғайту мақсатында 2019 жылы басқа ЖШС-мен қызметтерді сатып алу, 2020 жылы екінші ЖШС-мен қызметтерді сатып алуды көрсеткен.
Осылайша, жеке кәсіпкерлік субъектісі бола отырып, мемлекетке бірнеше рет ірі залал келтіріп, мүліктік пайда алу мақсатында жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураны жазып беру әрекеттерін жасағаны үшін айыпталған.
"Қылмыстық іс қозғалған кезде бюджет қаражаты бөлінген 4 нысанның құрылысы аяқталмаған. Мемлекеттік сатып алуды, құрылысты, мердігер ұйыммен жасалатын мәмілелерді өткізу жөніндегі барлық шарттар сотпен жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танылмаған. Сотталушылар арасындағы қылмыстық сөз байласу сотқа дейінгі тергеу барысында да, сотта да анықталмады. Құрылыстың мерзімінде аяқталуына кедергі келтіретін көптеген объективті себеп бар. Мысалы, тапсырыс берушімен құрылысқа ақшалай қаражат уақтылы бөлінбей, қосымша шарттар жасауға себеп болған. Пандемия жұмыс күшінің болмауына, құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеп соққан. Мердігердің өзі ЖСҚ-да көзделмеген қосымша жұмыстарды орындаған. Қосымша жұмыстар құрылыс-экономикалық сараптамалар жүргізу кезінде ескерілмеген. Куәлік еткен мән-жай сотталушылардың жымқыруға немесе жымқыруға жәрдемдесуге тікелей ниеті болмағаны анықталған", -деп мәлім етті соттан.
Прокурор сотталушыларды бірнеше жыл мерзімге және өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, Т-ға 10 жыл, К, К, Н, Ж-ға 8 жыл, О, М-ға 7 жыл 6 ай, С-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Ал, сотталушылар және қорғаушылар қылмыс құрамының болмауына байланысты өздерін ақтауды ұсынды.
"Сот Т, К, К, М, О, Н, Ж, С-ны олардың әрекеттерінде өздеріне тағылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты барлық эпизод бойынша кінәсіз деп таныды. Сотталушылардың қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекетінен келтірілген қылмыстық қудалау үшін зиянды өтеу құқығын таныды. Азаматтық талап қараусыз қалдырылды. Атырау облысы прокурорының атына бірқатар жеке қаулылар шығарылды", -деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также