08 маусым 2023 | 09:44

Атырауда 50-ден аса үлескер құрылыс салушыдан ақшасын қайтаруды талап етті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: almaty.tv

Атырауда 50-ден аса үлескер құрылыс салушыдан ақшасын қайтаруды талап етті. Екі жыл бұрын адамдар жаңа пәтерге көшеміз деген үмітпен миллиондаған ақша салған. Алайда олар әлі баспана ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда 50-ден аса үлескер құрылыс салушыдан ақшасын қайтаруды талап етті. Екі жыл бұрын адамдар жаңа пәтерге көшеміз деген үмітпен миллиондаған ақша салған. Алайда олар әлі баспана ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Үлескерлердің айтуынша, олар пәтерді тартымды бағаға сату туралы жарнамаға "сеніп қалған". Көбісі екі бөлмелі пәтерге 30-40 миллион салып, кілтін алмаған.

"Барлығы баспана алуды күтіп отыр. Салымшылардың көбі қазірдің өзінде қаржы мәселесін бастан өткеріп отыр. Әсіресе, көпбалалы аналар. Біз салған ақшамыз үшін қорқамыз және олардың тезірек қайтарып алғымыз келеді. Өйткені жақын арада инфляция көтеріледі. Сосын тіпті уақытша баспана да ала алмаймыз", - дейді салымшы Амандық Сағындық.

Реклама
Реклама

Қала басшылығы тұрғын үй кешенін салуға ешкім рұқсат бермегенін, құжаттарда кемшіліктер бар екенін хабарлады. Іске прокурорлар араласып, 2020 жылы барлық жұмыс тоқтатылған.

"Рұқсат құжаттарын алмаған бірнеше тұрғын үй кешендері бар. Олар құрылыс-монтаж жұмыстарын бастағанын бізге хабарлаған жоқ. Сондықтан, заң бойынша құрылыс тоқтатылды. Инвесторлар соттың аяқталуын күтеді", - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Рүстем Мәкібаев.

Қазір бұл іс Полиция департаментінің бақылауында. Айыпталушылардың бірі қамауға алынғаны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная