Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті видео кадры

Атыраудағы көпқабатты үйдің лифтінде бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Атыраудағы көпқабатты үйдің лифтінде бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Береке ықшамауданындағы үйлердің бірінде болған. 11 жастағы бала велосипедпен лифтке кірмек болған кезде, есіктері жабылып қалған. Бала сыртта қалып, ал велосипед есік пен лифт кабинасының арасына қысылып қалған.

Лифт жоғары қозғала бастағанда, бала велосипедті ұстап тұрып, жерден көтеріліп кеткен. Кейін лифт шахтасына құлап түскен. Абырой болғанда, бала тірі қалған. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілген. Алдын ала мәлімет бойынша, ауыр жарақат алмаған.

Жарнама
Жарнама

Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама