16 маусым 2020 | 19:52

Атырауда балабақша қызметкерінен коронавирус анықталды

Атырауда балабақша қызметкерінен коронавирус анықталып, мекеменің жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда балабақша қызметкерінен коронавирус анықталып, мекеменің жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, 8 маусымда тәрбиешінің көмекшісі тұмау белгілерімен жұмысқа келген. Ал 11 маусымда оның ауру жұқтырғаны анықталады. Бұдан кейін, балабақшадағы балалар мен қызметкерлерден тест сынамалары алынған. 15 маусымда тағы да тәрбиеші мен аула сыпырушыдан симптомсыз ауру анықталды. Ал қалған 60-қа жуық қызметкер мен 231 тәрбиеленушіден алынған тест сынамалары теріс нәтиже көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Нөмірі отызыншы "Жұмбақ" балабақшасы өз жұмысын уақытша тоқтатты. Алдағы уақытта балабақша қызметкерлерінің, балалардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында Атырау қаласындағы барлық балабақшаның жұмысын уақытша тоқтату туралы жоспарланып жатыр", - дейді қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Айжан Есмағамбетова. 

Еске салайық, Атырау облысында коронавирус жұқтырған 1324 адам анықталған. Оның 994-і аурудан айықса, жалпы 3 адам қайтыс болған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная