Атырауда балалар алаңында 9 жастағы баланы соққыға жыққан күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Атырауда балалар алаңында оқушыны соққыға жыққан оқиға бойынша полиция тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда балалар алаңында оқушыны соққыға жыққан оқиға бойынша полиция тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бала жеңіл дене жарақатын алған, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, аталған дерек бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Оқиға қалай болған?

Реклама
Реклама

24 қыркүйекте әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның ойын алаңында ойнап жүрген балаларға жақындап, 9 жастағы баланы соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.

Оқиға Алмагүл ықшамауданында болғаны хабарланды. Жазбаларда белгісіз жігіт еш себепсіз балаға шабуылдап, дене жарақатын салғаны, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткені айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама