Атырауда балалар хлордан уланған аквапарк директоры ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Атырауда 13 шілдеде балалар хлор қосылған заттардан жаппай уланған Palma аквапаркінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atyrau Online-ға сілтеме жасап.

Атырауда 13 шілдеде балалар хлор қосылған заттардан жаппай уланған Palma аквапаркінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atyrau Online-ға сілтеме жасап.

Атырау мамандандырылған тергеу сотының қаулысы бойынша, ер адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалған.

Еске салайық, оқиға демалыс орындарының бірінде болған. 14 бала медициналық көмекке жүгінген, олардың үшеуі облыстық және балалар ауруханасына жатқызылды.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен үш бала ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсті.

Куәгерлердің айтуынша, ғимарат ішінде хлор иісі кенеттен күшейіп, судың түсі өзгеріп, балалар жөтеліп, есінен тана бастаған. Ата-аналар үрейленіп, балаларды эвакуациялап, жедел жәрдем шақырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайға хлор қосылыстарының мөлшерін қате есептеу себеп болған. Бассейн иелері су тазарту жүйесінде ақау болғанын мойындады. Оқиғадан кейін нысан жабылып, ТЖД мен прокуратура тексеріс бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама