ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2018 | 11:06
Атырауда балық жаппай қырылған өзен суының сапасы тексерілді
Жамйық өзенінде жаппай балықтардың қырылуына байланысты 69 сынама алынды, нәтижесінде су құрамы өзгеріске ұшырамағаны анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық қоғамдық денсаулық қорғау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Барлық сынама лабораториялық тексеріске жіберілді. Нақты себебін анықтау үшін уақыт қажет.
"Бүгінге дейін біз өзеннің әрбір жерінен 69 сынама алдық. Жауапкершілікпен хабарлаймыз, судың құрамы еш өзгерген жоқ", - деді Жұмағалиев.
Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты арнайы құрылған комиссия қырылған балықтарды есептеп жатыр.
"Бүгінде 4165 келі өлі балық шығарылды. Келтірілген залал мөлшері - 4 миллион 200 мың теңге. ЖЭО қызметкерлері мен Ператаск өзені инспекторлары жинағы балық мөлшері - 1304 келі, келтірілген залал мөлшері - 1 миллион 254 мың теңге. Балық қорына келтірілген залал туралы мәліметтер қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деді Данияр Баймағамбетов.
Балықтың жаппай қырылуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Атырау облыстық экология департаменті "Атырау Су Арнасы" ЖШС мекемесінде тексерулерді аяқтап, Атырау ЖЭО ұйымын тексеру үшін топ жасақтап жатыр. Тағы екі нысанда тексерулер жүргізіледі.
Балықтардың жаппай қырылу дерегі өңірде желтоқсанның басында тіркелген. Перетаск өзенінен бір тоннадан аса өлі балық шығарылған еді.
Показать комментарии
Читайте также