21 шілде 2024 | 10:12

Атырауда екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

Фото: depositphotos.com

Алдын ала ақпарат бойынша, 13 және 14 жастағы екі жасөспірім Атырау қаласының Көкарна шағын ауданындағы Жайық өзеніне батып кетті. Олар жабдықталмаған жерде шомылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алдын ала ақпарат бойынша, 13 және 14 жастағы екі жасөспірім Атырау қаласының Көкарна шағын ауданындағы Жайық өзеніне батып кетті. Олар жабдықталмаған жерде шомылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар 2010 жылы туған жасөспірімдердің бірінің денесін 4,5 метр тереңдікте тапты. Олар денені шығарды. Екінші жасөспірім әлі іздестіріліп жатыр.

"Іздестіруге жеке құрамның 15 адамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды", - деп хабарлады облыс ТЖД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ведомство биыл Атырау облысының аумағында шомылу маусымы ашылмағанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная