ПОДЕЛИТЬСЯ
06 шілде 2023 | 09:39
Атырауда екі қайықтың соқтығысуына қатысты жаңа деректер айтылды
Атырауда екі қайықтың соқтығысуына қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда екі қайықтың соқтығысуына қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқыс оқиғадан кейін қайық құжаттары тексеріліп жатыр.
Рейдтік іс-шараны Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полициямен бірлесіп өткізеді. Аталған іс-шара күн сайын сағат 15.00-ден 01.00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігімен (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, соқтығысқан екі қайықтың ішінде барлығы 25 адам болған.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда екі катер соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Оқиға кеше, 3 шілдеде сағат 21.00 шамасында болған. Серуендеп жүрген қос қайық соқтығысқан.
Салдарынан бес ересек адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тағы төрт бала балалар ауруханасына түсті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также