16 шілде 2023 09:20

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

© atpress.kz

Атырауда төрт бірдей автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда төрт бірдей автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.

Реклама
Реклама

15 шілдеде Баймұханов көшесінде сағат 15:25 шамасында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда Daewoo мен Youtong маркалы автобустары мен Toyota Camry және Hyundai Elantra автокөліктері соқтығысты.

Оқиға салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды және жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.

Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram