Атырауда жасөспірім адам өліміне әкелген жол апатына себепкер болды

видео кадры

Атырауда жасөспірім жол-көлік оқиғасына ұшырады. Салдарынан жолаушылардың бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда жасөспірім жол-көлік оқиғасына ұшырады. Салдарынан жолаушылардың бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 қаңтарда шамамен сағат 23:30-да Атырау – Дамба тасжолында ВАЗ-2170 көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады. Көлікті 17 жастағы жасөспірім жүргізіп келе жатқан. Ол 25 жастағы ер адам тізгіндеген Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

"Соқтығыс салдарынан ВАЗ-2170 көлігінің 2009 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Сонымен қатар, бір жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама