ПОДЕЛИТЬСЯ
11 тамыз 2017 | 17:53
Атырауда Жайықтың сол жағында жаңа аудандар салынады
Атырауда Жайықтың сол жағында жаңа аудандар салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің маманы Еркебұлан Сатқанбайға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда Жайықтың сол жағында жаңа аудандар салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің маманы Еркебұлан Сатқанбайға сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиында айтты.
"Атырау қаласының 2030 жылға дейінгі жаңа бас жоспары бекіді. Соған сәйкес қаланың дамуы екі бағытта жүреді. Бірінші бағыт бойынша, орталықтағы - облыстық әкімдіктің жанындағы ескі үйлердің орнына 470 гектар жерде жаңа құрылыс нысандары салынады, екінші бағыт бойынша, Бесікті, Талғайраң ауылдары бағытында Жайықтың сол жағында жаңа аудандар бой көтереді", - деді облыс әкімі.
Салтанатты шарада аймақ басшысы құрылысшыларды төл мерекесімен құттықтап, сала ардагерлеріне "Құрметті құрылысшы", "Тұрғын-үй құрылыс саласының құрметті қызметкері" төсбелгілерін, Инвестициялар және даму министрі және Атырау облысы әкімінің алғыс хаттары мен министрліктің медальдарын табыстады.
"Аймақта былтыр 540 мың шаршы метр құрылыс нысаны пайдалануға берілді. Бұл Елбасының халықтың әл ауқатын көтеру, өмір сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындаудағы қомақты үлестеріңіздің нәтижесі. Биылғы меже одан да асады. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, алда тұрған міндеттерді орындауда күш-жігер, еңбектеріңізге жеміс тілеймін", - деді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, құрылысшылар күні жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл мереке 13 тамызда.
Показать комментарии
Читайте также