ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2022 | 16:25
Атырауда жекеменшік үйлердің біріне жылан кіріп кетті
Атырауда жекеменшік үйлердің біріне жылан кіріп кетті. Үй иелері құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда жекеменшік үйлердің біріне жылан кіріп кетті. Үй иелері құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 5 маусымда сағат 20:28-де "Көктем" ықшамауданындағы саяжайда орналасқан үйдің қазандығына жылан кіріп кеткені туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына барып, түрлі құралдар көмегімен бауырмен жорғалаушыны ұстап, оны шелекке салып, табиғи ортасына жіберген.
Алматы зообағының "Экзотариум" бөлімі меңгерушісі, герпетолог Александр Гурневтің айтуынша, үйге кіріп кеткен өрнекті жылан болып шыққан, ол улы емес және мүлдем қауіпсіз. Атырау облысы ТЖД өкілдері мұндай жағдайда абай болуды, оқыс қимыл жасамауды ұсынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также