ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2023 | 10:14
Атырауда қала әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері қамауға алынды
Атырауда жер қатынастары, сәулет және қала әкімі аппаратының бұрынғы басшылары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда жер қатынастары, сәулет және қала әкімі аппаратының бұрынғы басшылары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
Шенеуніктер жер телімдерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтауда алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.
"Деректі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық") және Қылмыстық кодекстің 361-бабы ("Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша прокуратура тіркеді. Облыстық прокуратура соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также