ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2020 | 18:22
Атырауда карантин ережелері күшейді
Атырауда карантин ережелері күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда карантин ережелері күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпарат бойынша, Атырау облысында карантин шараларын күшейту туралы шешім коронавирустан екі адам көз жұмған соң және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына мониторинг жүргізу және бақылау бойынша мобильдік топтардың талдауына байланысты қабылданған.
"Атап айтқанда, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, кинотеатр, театрлардың, көрмелердің қызметіне және басқаларына тыйым салынады. Қалыптасқан жағдайға байланысты, қаланың ірі алаңдары мен парктеріне (Исатай-Махамбет алаңы, Жеңіс саябағы және Ретропарк) баруға тыйым салу туралы шешім қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.
Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері тұрғындарға санитарлық нормаларды қатаң сақтау туралы еске салды.
"Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда нысандарында, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтық сақтау қажет. Маскасыз барлық жерде, соның ішінде қоғамдық көлікте жүруге тыйым салынады", - деп атап өтті бас санитар дәрігердің баспасөз қызметі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также