Атырауда карантин кезінде үш мейрамханада үйлену тойы мен мерейтой өткен

Фото: vedomosti.ru

Атыраудағы 3 мейрамханада үйлену тойы мен мерейтой өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Атыраудағы 3 мейрамханада үйлену тойы мен мерейтой өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Карантин талабын бұзу дерегін мониторинг тобы анықтаған.

"Тексеріс барысында "Ақжол", Castle, Sultan Hall мейрамханаларында үйлену тойы мен мерейтойөткені белгілі болды. Ал "Мұрагер" сауда орталығында келушілер ғимаратқа маскасыз кірген, әрі кіреберісте ешкім дене қызуын өлшемеген", - делінген өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Сәтбаев көшесіндегі "Фудзи" суши-барында қызметкерлер маска және қолғапсыз жұмыс істеген.

"Сағат 22.00-ден кейін "Бармаглот" бары жұмыс істеген. Онда 30-дан аса адам болған. Бұл мекемелер карантин талабын өрескел бұзған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Атырауда рейд күн сайын жүргізіледі. Облыста 110 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама