ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 мамыр 2025 12:05
Атырауда қайықтан құлап, суға батып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр
Атырауда балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atyrau Online мәліметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 мамырда сағат 17:25-те Еркінқала ауылында болған. Балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан өзенге құлап, суға батып кеткен.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 құтқарушы, 5 техника және 6 жүзу құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері де тартылған – 8 адам, 3 техника және 1 қайық. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
БАҚ мәліметінше, 2007 жылы туған жасөспірім дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысқан және болашағынан үміт күттіретін спортшы болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу